Құрылғы белсенді емес кезде әрекеттерді қарау және конфигурациялау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Егер басқару тобының клиент құрылғылары белсенді болмаса, сіз бұл туралы хабарландыру ала аласыз. Сондай-ақ, мұндай құрылғыларды автоматты түрде жоюға болады.

Басқару тобында құрылғылар белсенді болмаған кезде әрекеттерді көру немесе конфигурациялау үшін:

  1. Қажетті басқару тобының атауын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз.
  2. Мәнмәтіндік мәзірден Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Басқару тобының сипаттары терезесі ашылады.

  3. Сипаттар терезесінде Құрылғылар бөліміне өтіңіз.
  4. Қажет болса, келесі параметрлерді қосыңыз немесе өшіріңіз:
    • Құрылғы мынанша (тәулік) астам белсенді емес болса, әкімшіге хабарлау
    • Мына уақыттан көбірек белсенді емес болса, құрылғыны топтан жойыңыз (тәулік)
    • Тектік топтан иелену
    • Еншілес топтарда мәжбүрлеп иелену
  5. OK түймесін басыңыз.

Сіздің өзгертулеріңіз сақталды және қолданылды.

Басына оралу